Ұлан-ғайыр даламыздың қай өңірін қарасаңыз да, көздің жауын алар табиғаттың тамашасына сүйсінесіз. Тауы мен тасы, көлі мен шөлі, жазық дала мен ну орманы да Жаратқанның шеберлігін паш етіп тұрғандай. Ал осынау әдеміліктің сан ғасырдың куәсі болып, талай тарихты қойнына жасырып жатқанын ойласаңыз, басқаны айтпағанда, аяқтың астындағы топырақтың әр түйіршігіне зер салып, зерттегің-ақ келеді. Иә, ондай күн де туар әлі… Техника қарыштап дамып жатыр ғой. Қазір болса, менмұндалап тұрған талай жәдігердің жай-күйінен хабарсыз, тіпті білсек те, өз деңгейінде дәріптей алмай отырғанымыз жаныңа батады.
Дәріптеуді, зерттеуді қажет ететін мұндай мұраның бірі Күйік тауында сақталған. Ауданымыздағы Таутүрген ауылының бас жағында, шығысқа қарай созылып жатқан Күйік тауының ең жоғарғы нүктесі теңіз деңгейінен 2135 метр биіктікте екен. Ал Күйіктің күнгей бетіне 1850 метр биіктікке көтерілсеңіз, тастағы таңбаларды – петроглифтерді көресіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *