2020 жылдың 25 тамызында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына жалпы салмағы 109 килограмм болатын 23 560 дана медициналық маскалар, 24 дана дистанциялық термометрлер және 20 дана қорғаныш костюмдері сияқты жеке қорғаныш құралдарын берді.
Бұған дейін аталған медициналық құралдарды Департаменттің кеден бекеттерінің қызметкерлері ҚХР-дан ЕАЭО аумағына заңсыз әкелу кезінде кедендік бақылау жүргізу барысында ұстаған болатын.