1963 жылы қолданысқа берілген Көксу өзені бойындағы бөгет платинасы күрделі жөндеуден өтуде. Бұл мақсатта республикалық қазынадан 515 млн. теңге қаржы қарастырылған.
Платинаның гидротехникалық құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асуда.
Жөндеу жұмыстарына барлығы 100 адам жұмылдырылған. Әзірге су деңгейінің қалыптан көтерілуіне байланысты 40 шақты адам еңбеккке тартылып, 10-нан астам әртүрлі техника қызметі көрсетуде. Дәл қазіргі сәтте платина маңын абаттандырып, күрделі жөндеуге дайындап жатыр. Нысан құрылысының қызған шағы қыркүйек айына тұспа-тұс келмек. Мердігер мекеменің бас инженері Мақсат Садиевтің айтуынша, жаңа бөгет алдыңғысынан әлде қайда берік және сапалы болмақ. Тоспаның жалпы ұзындығы 60 метр, биіктігі 6,8 метр. Ал су қоймаға 539 текше метр су сияды.
Стратегиялық маңызды нысан қайта жөндеуден өтіп, іске қосылса елдің әл-ауқаты жақсарып, жаңа жұмыс орындары да ашылады,- дейді мамандар.
Кәсіпорын басшысы жаңа су қоймасында жұмыс істейтін мамандардың да жағдайы қарастырылғанын айтып отыр. Бөгеттің басында және төменгі жағындағы су тарату торабында 4 бөлмелі төрт пәтер салынып жатыр. Жалпы бөгеттің жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау көзделген.