Аймақта дәрі тапшылығы бар деген ақпарат тараса ол шындыққа жанаспайды. Жәй ғана жалаң сөз. Қордағы дәрі-дәрмек әзірге облыс халқына жеткілікті дейді амандар.
Медициналық ұйымдарда дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялық құралдардың азаймайтын қоры, сондай-ақ індет жұқтырған пациенттерді тасымалдауға арналған 1 камера қолда тұр (ВІО-ВАG ЕВВ 30/40).
Естеріңізде болса, Республикалық резервтен 551,3 млн. теңге бөлінген болатын. Не үшін деген көкейкесті сауалыңыздың жаубы жоғарыда ғана атап өткен дәрінің қорын толықтыру үшін берілген еді. 20 млн. теңге сомасына вирусқа қарсы препараттардың 39 атауына және 531,3 млн. теңге қаржыға жеке қорғану құралдарына өтінім берілді. «Demeu Trading» ЖШС-мен 263,2 млн.теңгеге бір реттік қорғаныш костюмдерінің 35 100 жиынтығын жеткізуге шарт жасалды.
Бүгінгі күні 2,1 млн. маска жеткізілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 208,2 мың дана, жергілікті бюджеттен — 1,9 млн. дана, құқық қорғау органдарымен тәркіленген – 534,4 дана, гуманитарлық көмек – 80,1 мың дана бетперделер алынды.
Бүгінгі күні облыста жеке қорғану құралдарының қоры бір айға жеткілікті оның ішінде 850 мың маска, 150 мың жұп қолғап және 45 мың жиынтық қорғаныш бір реттік костюмдер бар.
Қорғаныш құралдарынан дәрі-дәрмектің мәселесіне ойыссақ. Өңірдің инфекциялық және провизорлық стационарларында 250 930 қызу түсіретін, 40 535 вирусқа қарсы препараттар, сондай-ақ 475 380 антибиотиктер бар.
22 қажетті дәрі-дәрмектердің қоры қалыптасуда. Қазіргі уақытта Талдықорған қаласының қоймаларында 124 637 мың препараттарға қол жетімді.