Алматы облысы бойынша МКД хабарлайды. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолдану туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылдың 2 шілдесіндегі Заңымен «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы жаңа 57-5-баппен толықтырылды.
57-5-бабымен 2019 жыл үшін мүлік салығы мен жер салығын төлеу бойынша міндеттемелерді қоспағанда, жеке тұлғалар үшін 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері үшін құралған мүлік салығы, жер салығы және көлік салығы бойынша негізгі қарызды сомаларын төлеу шарты кезінде өсімпұлдарды есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау көзделген.
Салық төлеушінің 2020 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша жеке шотында есептелген өсімпұл сомасы, сондай-ақ оны төлеген күнді қоса алғанда, оны төлеуге дейінгі осындай берешек сомасына есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл ретте өсімпұл берешек төленген салық түріне сәйкес есептен шығарылады. Салық рақымшылығын жүргізудің мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.
Салық рақымшылығын қатысқан азаматтарға есептелген санкциялардан босатылуына мүмкіндік береді, бұл өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттырады.
Алматы облысы бойынша МКД