Алакөл өңірі туристер қабылдайтын демалыс аймағы емес теңдесіз кәсіпорын бой көтерген индустриалды аймақ. Сондай аумақтың әлеуетін арттырып отырған өндіріс ошағы Жоңғар Алатауы паркнің маңында орналасқан.
Осыдан 4 жыл бұрын ашылған зауыт шетел нарығына «Қазақстанда жасалған» маркалы балды экспорттайды. Осылайша ұжым алға қойған басты міндетті абыроймен атқаруда.
Кәсіпорын айына 1-15 , жылына 100 тоннаға дейін өнім әзірлейді.
Дайын болған балды «Galmart», Макроцентр-Рамстор, «Есентай», «Астана» желі супермаркеті, «Ориент Игл Дюти Фри» «ДьюФри» Астана қонақ үйлері, Интерфуд сынды Елорда мен Алматы шаһарларындағы дүкендер желісінің сөрелерінен кездестіруге болады.
Әселдің көтерме бағасы килограммына 700-1200 теңге аралығын құрайды.
» Лепсі Өнімі » ЖШС Апиславия ХХІ конгресінің алтын жүлдегері. Сондай-ақ, халықаралық ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмелеріне белсенді қатысады.
Лепсі табиғи балына жақын және алыс шетелдер қызығушылық танытып отыр, осы мақсатқа жету үшін байланыстар жолға қойылған. Ресей, Жапония, БАӘ-ге тауар жеткізілімі сәтті өтті, қазіргі уақытта барлық бағыттар бойынша келіссөздер жүргізілуде, көп ұзамай Қытаймен, Түркиямен, ЕО елдерімен келісім-шарттарға қол қойылады.
Сұраныстың жоғары болуы да заңдылық. Заманауи технологиямен жасалынатын өнімнің сапасы жақсы, әрі 30-дан астап премиум қаптамаға салынады. Барлық сапа стандарттарына сәйкес келетін, элиталық қаптамадағы отандық өнімдердің шетел нарығында ойып орын алғаны кімге де болса мақтаныш.
Зауыт өңдеп, шекара асыратын тауардың шикі затын жергілікті омарташылар өздері жеткізіп береді. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығымен айналысатын мамандардың саны күн санап артуда. Бұл өз кезегінде жергілікті кәсіпкерлердің ісінің алға басуына ықпал етуде.
Айта кетерлігі осынша қырауар шаруаны небәрі 15 адам ғана атқарады. Саннан сапаға қызмет еткенді мұрат тұтқан зауыт қызметкерлері алдағы таңда тосап шығаруды қолға алмақ.