Тәңірі тарту еткен тәуелсіздіктің тұғырына қонғанына келер жылы 30 жыл толады. Бұл орда бұзар шақ. Тумасынан ауыздықпен алпарысқан текті халық тағдыр тосқан тосын сыйды тосырқамай қабылдап, лайықты межені бағындырған болатын.
Кеше ғана қадамын енді басқан, шаңырағын көтерген мемлекетке бүгінгі күні әлемнің азулы елдері таңырқай қарайтын уақыт жетті. Бұлда тұтас ұлттың бірлігі мен шыдамдылығының арқасы.
Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Үдеудің сыры –бірлікте, жүдеудің сыры –алауыздықта» деп Қазақстанның бағындырған белсінің бар құпиясы мен шындығын бір ауыз сөзбен түйіндеген еді.
О, баста темір қазығын, бағдаршамын, мақсатын айқындаған ел қандай жағдай болмасын тұяғынан сүрінбесі анық.
Отызға жетпей орда бұзған мемлекеттің ендігіде көздеген нысанадан мүлт кетуі мүмкін емес. Лайым солай болғай.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Ащы термен келген тәтті жеңіс- тәуелсіздіктің жалауы мәңгі желбіреуі тиіс.