Алматы облысында COVID-19 вирусының таралу қарқыны соңғы аптада 6% – ды құраған, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA».
Еске сала кетейік, карантиндік шаралар босағанға дейін бұл көрсеткіш 2,5% – дан аспаған. Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың сөзінше, көрсеткіштің өсу себебі, қала және облыс тұрғындарының карантиндік шектеу шараларына немқұрайлы қарауы.
«Әлемде коронавирус инфекциясы пандемиясы жалғасуда. Біздің облысымызда вирус жұқтырғандардың саны 554 –ке жетті, соңғы аптада өсім қарқыны 6%-ды құрады. Сол себептен бүгін карантин шараларын күшейтіп, жаңа №17-ші қаулымның күшіне енетінін хабарлаймын»,- деді Қайрат Баймұхамбетов.
Қаулыға сәйкес:
– 2020 жылдың 20-21 маусым аралығында Алматы қаласы маңындағы Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының және Қапшағай қаласының туристік аймақтары қонақтарды қабылдауын тоқтатады.
– Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы онлайн форматқа көшіріледі.
– Қоғамдық көлікке бетпердесіз, орындықтар толтырғаннан кейін жолаушыны кіргізбейтін қызметкермен (кондуктормен) қамтамасыз ету қарастырылады.
– 65 жастан асқан азаматтардың көшеге шығуы шектеледі.
– Тұрғындар саны 50 мыңнан астам елді мекендерде қоғамдық орындардың: саябақтардың, скверлердің, жағалаулардың, аквапарктердің жұмыс істеуі тоқтатылады.
– Санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, білім бағытының (ҰБТ, олимпиадалар, түсу және бітіру емтихандары) барлық түрлерін жүргізуге рұқсат етіледі;