Тілсіз жаудың табан асты екенін ескерген мамандар қаңтар айынан бастап ірі сауда орындарының өрт қауіпсіздігі нормаларының сақталуына тексеріс жүргізуде. Бұл үшін арнайы комиссия құрылған.

Комиссияға қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өкілі, сот орындаушылары, Талдықорған қалалық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы мен Талдықорған қалалық құрлыс басқармасының басшысы  мүшелік етеді.

Жоғарыда айтылған жауапты тұлғалар мен арнайы рейд жүргізілген. Тексеру нәтижесінде Талдықорған қаласындағы  «Демеу» , «Шағын»және «Шаған» ЖШС — тері әкімшілік құқық бұзғаны анықталған. Сот орындаушыларының шешімі мен 100 АЕК, яғни 252 500 теңге көлемінде айыппұл салынған. Алдағы уақытта аталған кемшіліктер түзетілмесе сауда үйлерінің қызметі 3 ай мерзімге тоқтауы мүмкін.

Талдықорған қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Абылай Найзабековтің айтуынша, аталған басқарма тек өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған орындарды анықтап, ескертпе жасайды. Ал, кәсіп иелеріне заң тұрғысынан қолданылатын шараларды сот орындаушылары атқаратынға ұқсайды.

Заң саласының мамандары ең әуелі өрескел заң бұзушылық орын алғанда әкімшілік айыппұл салумен шектелеміз дейді. Кейіннен біраз уақыт өткен соң жоспардан тыс тексеру жұымстары жүргізіледі екен. Ол кезде сын, ескертпелерден нәтиже шықпаса, сауда үйлерін жабуға тура келеді.

Жауаптылардың дабыл қағуы орынды. Өйткені,статистикалық мәліметтер бойынша  қаладағы 11 сауда үйімен бір орталық базарда 7 мың кәсіпкер жұмыс істесе, ал сауда орына күніне 3-4 мың адам бас сұғады.

Өрттің өршуі әп,сәтте екенін ескерсек, онда тек кәсіп иелері ғана емес, тұрғындар да зардап шегеді.

«Өрт қауіпсіздік нормаларының қателіктерінің жойылмауы бірінші кезекте сол сауда орындарынында қызмет істеп жүрген халыққа зияның алып келуі мүмкін, соның салдарын болдармау біздің ортақ міндетіміз»,-дейді Алматы облысының Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі Филиалының басшысы –аға сот орындаушысы Кенжебек Бекетұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *