Екі айдан астам уақыт қозғалыссыз қалған темір жол қатынастары 1 маусымнан бастап өз жұмысын бастады.
Бүгінде Алматы облысындағы темір жол бекеттерінен күніне 8 поезд өтуде. Жолаушылардың карантин ережелерін қатаң сақтауы және олардың қауіпсіздіктері өте маңызды. Осы орайда, Үштөбе станциясындағы Желілік полициясы бөлімі індетке қарсы әр түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.
-Теміржол вокзалдарында карантин шараларын сақтау туралы қаулы шығарғанан бастап, жолаушылар арасында, ғимарат ішінде карантин ережерелі қатаң сақталуда. Яғни, вокзалға маскасы бар адамдар ғана кіргізіледі, кіреберісте олардың дене қызуы өлшенеді. Және барлық жерге антисептік қойылды,- дейді Желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Рымбек Иманғалиев.
Кассалар жұмысы таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін белгіленген. Билет салып алу, вогзалға отыру кезінде 1 метр ара қашықтық сақтауы тиіс. Үштөбе Желілік полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Мұрат Шынғожинның айтуынша, карантин кезінде темір жолдарда заң бұзушылық айтарлықтай азайған.
Карантиндік шаралардың сақталуына құқық қорғау саласындағы мамандардың қосқан үлесі зор. Күн-түн демей қызмет етіп жүрген тәртіп сақшыларына халықта өз кезегінде алғыстарын білдіруде. Бір мақсат, бір мүдде жолында еңбек еткеннің арқасында каратин кезеңінде тұрақтылық сақтауда.
Меруерт Махмұтжан