Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының арқасында өндірістік өнім көлемі 1 трлн. теңгеге жете қабыл болып, мыңдаған жұмыс орны ашылуда.Мұдай өрлеу Алматы облысындағы кәсіпорындарға тән.
Сондай жұмысы алға басқан кәсіпорындардың бірі Талдықорған қаласындағы аккумулятор зауыты.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тоқыраудың алдын да тұрған өндіріс орнының аяқтан тұруына мемлекет көмектесті.
Бүгінде аталмыш зауыт Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының ықпалы арқылы жылына 3 миллион аккумулятор батареясын шығаратын деңгейге жеткен.
Бұрындары бұл көлем 300-ден аспайтын еді. Өндірістік цехтардың толықтай жаңартылуы арқылы отандық бренд пайда болды.
Мемлекет өндіріс орнын тығырықтан шығару үшін 2,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлген. Соның арқасында жұмыс көш ілгері жүріп жатыр. Ал, жақында Австриядан жаңа жабдықтар сатып алынған. Зауыт шығарған өнімдерін көршілес Қытай Халық Республикасына бірнеше рет экспорттап үлгерген. Қиыр Шығысқа шығу жоспары да бар. «Зауыт болашақта жылына 10 миллион дана батарея өндіруді көздеп отыр. Оған жету үшін бізге мемлекеттік қолдау ауадай қажет», – дейді мамандар.
Зауыт басшылығының айтуынша, алдағы таңда 10 миллион аккумулятор шығару жоспарланған. Бұл мақсат орындалса, сәйкесінше жұмысшылар саны да 2,5-3 есе көбеймек.
Индустрияландыру каратсы бойынша Жетісу өңірінде 70-ке жуық жоба жолға қойылған. Жұмыстың қарқынды жүргізілуіне байланысты бюджетке түсетін түсімдер 500 млрд. теңгеге жеткен. Өндірістік өнім көлемі бір триллион теңгені құрады.