Алматы облысында еңбекпен қамту үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы арқылы 13 жоба жүзеге асуда.
Жалпы құны 93,5 млрд. теңгені құрайды. Аталмыш жобалар іске қосылса 2 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Облыстың әлеуетін көтеруге үлес қосып отырған зауыттың бірі алюминий профилін шығарумен айналысады. Өндіріс орнының жұмыс істеп тұрғанына 5 жыл.
Мұнда Іле ауданының 150 тұрғыны еңбек етеді. Кәсіпорын ай сайын 1200 тонна дайын өнімді әзірлейді. Өндіріс ошағы озық технологиялармен жабдықталған. Бұл өз кезегінде даяр болған өнімді шетел нарығына да шығаруға мүмкіндік беруде.
Кәсіп орында жасалынатын отандық өнім қымбат екені анық. Ал, зауыт басшылығы алынатын шикі зат бағасының аспандап тұрғандығы өнім құнының артуына себепкер болады деуде.
Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында ісі алға басқан тағы бір өндірістік нысан фармацептикалық зауыт. Жылына 1,5 миллиард таблетка мен капсула шығара алады. Дайын өнім отандық нарықпен қоса Грузия, Әзербайжан, Ауғанстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.
Жоғары да атаған бағдарлама бойынша облыста соңғы өткен 10 жылдың ішінде 64 өндіріс ошағы өз жұмысын бастаған. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды.