Алматы облысының 40 мың тұрғынына «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарапаты тиеді.
Аталмыш жобаның іске асуына 18 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда бірінші бағыт бойынша 135 адам қысқа мерзімді оқытудан өтіп жатыр.
Кәсіп бастап, жеке бизнес иесі атанам деген 1100 кәсіпкерге шағын несие беріліп, 27 мыңнан астам адам қоғамдық жұмыстарға тартылмақ.
Мамандардың айтуынша, бағдарламаға қатысу ережелері өткен жылмен салыстырғанда біршама жеңілдеген. Ендігіде несие алу үшін енді жеке кәсіпкерлікті тіркеудің еш қажеті жоқ. Бар болғаны бірыңғай жиынтық төлем жасасаңыз жеткілікті.
Ал көп балалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар грант алу үшін бұрынғыдай «Бастау» курсынан өтпейді.
«Қысқа мерзімді оқыту бітірудің оларға қажеті жоқ. Барып, арызын тапсырса олар грант ала алады. Енді өз істерін ашуға бұл да мемлекет тарапынан көмек «Еңбек» бағдарламасының шеңберінде. Сонымен қоса жастар үшін жастар тәжірибесіне жолдап жатырмыз. Қазіргі уақытта 477 түлек жастар практикасынан өтуде»,-дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бақыт Тоқтарқызы