Облыс басшылығы кезекте тұрғандарды сапалы және қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуді басты міндет етіп қояды. 2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 763,2 мың м2 жоспары кезінде өңірде 894,1 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен 685 аз қамтылған көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілген, бұл жоспардан 13 пәтерге артық,-деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үй алу кезегінде 50,6 мың азамат тұр. Тұрғын үймен қамтамасыз ету жалға берілетін, кредиттік тұрғын үй салу және «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін кешенді құрылыс салынатын аудандарға инженерлік-коммуникациялық желілерді жүргізу арқылы жеке құрылыс салушыларды салуды ынталандыру арқылы жүзеге асырылады.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін осы жылы облыс бойынша 40,8 млрд теңгені игеру жоспарлануда.
2020 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 938,8 мың м2 тұрғын үй салу жоспарлануда. 2020 жылғы қаңтар-сәуірде 266,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 120% пайдалануға берілді.
Биыл бюджет қаражаты есебінен 246,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3 258 пәтер (714 тұрғын үй) құрылысы жүргізілуде, оның ішінде жыл соңына дейін жалпы ауданы 136 мың шаршы метр 1 764 пәтерлік 519 үйді пайдалануға беру жоспарланған.
Жалпы биыл мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде кезекте тұрған 3 030 азаматты тұрғын үймен қамту жоспарланған, соның ішінде мына бағдарламалар бойынша:
- «Нұрлы Жер» – 1 234 пәтер;
- «Бақытты отбасы» – 600 пәтер;
- «7-20-25» – 330;
- «5-10-20» – 866 пәтер.
Бұл орайда жаңадан жарияланған «5-10-20» бағдарламасы шеңберінде 180 млрд теңгенің 6,4 млрд теңгесі Алматы облысына бөлінді.
Жалпы облыста тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту үшін 2025 жылға дейін жыл сайын шамамен 250 мың шаршы метр тұрғын үй салынуы тиіс. Бұл мақсатқа жобалауға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінеді. Одан бөлек ЖАО-да тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын орта есеппен 6 мың жер учаскесіне ИКЖ құрлысын жүргізу көзделген. Бұл мақсатта бюджеттен жыл сайын шамамен 10 млрд теңге бөлінеді.
2025 жылға дейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың деңгейі 99%-ға жетеді