Облыста мыңнан астам мектепке дейінгі ұйымдар мен 775 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, деп хабарлайды «JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңы zhetysupress-ке сілтеме жасап.
2020 жылы 32 білім беру нысанының құрылысы мен реконструкциясы жүргізілуде. Оның ішінде 24 жалпы білім беретін мектеп, 1 өнер мектебі, колледж студенттеріне арналған 4 жатақхана және 3 балабақша бар.
Үш ауысымды мектептерді жою мақсатында 17 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 10 500 оқушы орынын құрайтын 10 мектеп құрылысы жыл аяғына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Қалған 7 мектеп 2021 жылға дейін жалғасады. Сонымен қатар, 16 мектеп құрылысының ЖСҚ-ы дайындалуда.
Облыста 55 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
«Ауыл ‒ Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 10 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 37 білім беру нысаны, сондай-ақ 354 нысанға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Елбасының 2018 жылғы 5 наурыздағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің үшінші бастамасын орындау мақсатында облыста 1718 орынға арналған 1 ЖОО және 8 колледжге 9 жатақхана салу жоспарланды. Биыл 818 орындық 4 жатақхана салынады.
2021-2022 жылдары облыстың колледждеріне 900 орындық 5 жатақхана салу жоспарланды. Жоба-сметалық құжаттары дайындалып жатыр.
Ыстық тамақпен барлығы 365 387 оқушы қамтылған, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан 41 152 оқушы 100% тегін витаминделген ыстық тамақпен қамтылған.