Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласында індет жұқтырғандар саны 28-ге жетті. Сол себепті бір қатар тұрғын үйлер карантинге жабылды.
«Тәжді вирус» ошағы деп анықталған орындар қаланың әр жерінде орналасқан. Мәселен, «Достық» шағын ауданы №25 үй, 29 бен 40-шы пәтер орналасқан тұрғын үй. Сонымен қатар, Қаблиса –Жырау көшесінде орналасқан № 211Е көпқабатты үйінің 31-40 пәтерлері. Сланова мен Балпық би көшелеріндегі №76, 283 үйлері. Тура осылай шектеу шаралары енгізілген тұрғын үйлердің қатарында « Қаратал» ш.а №59 «б» , 10 пәтер, №60 «б», №4, 56 «г», 86 пәтер мен Жастар ш.а №20, 27-40 пәтерлері бар. Сондай –ақ, Қаблиса жырау 215 тұрғын үйндегі 5 пәтер мен Жастар және жаңа ғарышкер шағын аудандарындағы тұрғын үйлердің аумағына кіріп-шығу шектелген. Қаланың ішінен бөлек, іргелес орналасқан Еңбек ауылынанда кеселге шалдыққандардың бар екені анықталып, олар тұрып жатқан аумақ Талапкер көшесі 13/2 үйі оқшауланған.
Жалпы алғанда, Алматы облысында 238 жағдай тіркелген. Алдағы уақытта карантиндік күшейту шаралары қарастырылады.