Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасы жоғары сападағы медициналық құралмен жабдықталды.
Инфекциялық аурулардың диагностикасын анықтау мақсатында алынған медициналық жабдықтың құны 53 млн.теңгеден асып жығылады. Өңір медицинасының ахуалының жақсаруына үлес қосушылар облыстық «Birgemiz Jetisy» қоры.
Жұқпалы ауруларды диагностикалауға арналған құрылғылар «Құмсуат Фарм» ЖШС-дан сатып алынған. Ондағы CFX96 Real-Time PCR Detection System нақты уақыт режимінде ПЦР тәсілімен нуклеин қышқылын детекциялауға арналған жүйе бір мезгілде 96 сынамада 5 нысанаға дейін мультиплексті талдау жасауға мүмкіндік береді.
Аталған қондырғы «Еңбекшіқазақ ауданаралық көп салалы ауруханасы» ШЖҚ МҚК қолданысына берілді.