26 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының таралуына байланысты ел аумағындағы ХҚКО жабылғанымен мемлекеттік корпорация өз жұмысын бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Бұл ретте онлайн жұмыстың көмегі зор.
Қазіргі таңда мемлекеттік реестірде 694 мемлекеттік қызмет бар, сонын 642 қызметі мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі және 608 қызмет электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді.
Бұдан былай көпшілік мемлекеттік қызметтерді egov.kz электрондық үкімет порталында, ЕgovМоbile мобильді қосымшасы, eGovKzBot2.0 телеграмм-ботында, сондай-ақ Facebook және Vk әлеуметтік желілерінде онлайн алу мүмкіндігіне ие.
«ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін алуға болады»-, деді ХҚКО – ның баспасөз хатшысы Айна Файзулдина.
Аталған мекеменің табалдырығын аттау үшін алдын ала жазылу шарт. Бұл жүйе 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамына азаматтар өзіне-өзі қызмет ету бұрышында қол жеткізетін болады.
Талдықорған қаласы бойынша электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтерді пайдалану үшін:
1.Абай көшесі 241-де орналасқан Open Taldykorgan орталығында
- Тәуелсiздiк көшесі, 35 үйде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде.
- Жансүгіров көшесі, Мемлекеттік кірістер басқармасынан
- Қонаев к. 47, Жастарға қызмет көрсету орталығында
- 8 ықшам ауданында орналасқан Атамекен кәсіпкерлер палатасынан
6.Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты
7.Талдықорған қаласы, Еркін ауылдық округі әкімінің аппаратында орналастырылған өзіне-өзі қызмет көрсету секторларына жүгіне алады.
Айта кетерлігі, аудан мен ауылды жерлердегі ХҚКО-ның жұмысы әдеттегінше жалғасын табады.