Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталганына -75 жыл!

Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, дүниені дүр сілкіндірген осынау дүрбелең кезеңнің қиын-қысталаң сәттері күні бүгінге дейін көпшіліктің есінде екені рас. Ия, жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыстың зардабын милиондаған адам көргені анық. Бүгінде сол кездегі майдангерлердің ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ету біздер мен сіздерге міндет.

Осы мереке қарсаныңда,сондай-ақ 7 мамыр- Отан корғаушылар күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды.
Бұл соғыс және тыл ардагерлеріне көрсетілген лайықты құрмет.
Сондай-ақ Ауған және басқада алыс-жақын шетелдердегі әскери іс-қимылдарға қатысқан жауынгерлердің статусы аталған заңда көрініс тапқандығы бізді қуантты.

Артымыздан еріп келе жатқан жас ұрпақты ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелеуде, ардагерлеріміздің ерлігі мен өмір-дастандары үлкен өнеге.

Тыл еңбеккерлерінің еңбектері де өлшеусіз, Ауған соғысы және соған теңестірілгендердің еңбектерін бағалап қолданысқа енгізілген Заң аясында батырларымызға құрмет көрсетіп, қамкорлық танытып отырған Мемлекет басшысына алғысымызды білдіреміз!

Бейбіт өмір үшін, ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің беріктігі, еңсеміздің биіктігі соның жемісі.

Кербұлақ ауданының ақсақалдар
кеңесінің төрағасы, тыл ардагері, Кербұлақ ауданының және Алматы облысының Құрметті азаматы
Төленді Оспанбайұлы Сарыбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *