Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ардагерлер мәртебесі» туралы Заңға қол қойды.
Аталмыш Заң Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, басқа мемлекет аумағында соғысқа қатысқандарға, соғыс ардагері мәртебесіне теңестірілгендерге, сондай-ақ, еңбек ардагерлерінің әлеуметтік жағдайларын қарастыру бағытында көптеген жаңа мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге жол ашты.
Мен аудандық ардагерлер ұйымының басшысы ретінде бұл Заңның аясында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін.
Өйткені, мемлекетіміз еңбегі ерен ардагерлерге ерекше қамқорлығын жасауда.
Кешегі майдан даласында сұрапыл соғысқа қатысып, жас ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлер соғыстан кейін де бүкіл саналы ғұмырын еліміздің дамуына жолына сарпы етті.
Президентіміз осы Заң аясында жас ұрпаққа ардагерлерді құрметтеуді ұғындырды. Құрметті аудан тұрғындары елімізде енді ешқашан соғыс болмасын.
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!