Бүгін Алматы облысы Кербұлақ ауданында Nur Otan партиясының және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және Сарыөзек ауылы кәсіпкерлерінің демеушілігімен көмекке мұқтаж 200 отбасыға, барлығы 702 адамға азық-түлікпен әлеуметтік көмек көрсетілді.
Оларға ұн (1 сұрып, 5 тонна), ет (2 тонна), май (1000 литр), қант (1 тонна), күріш (600 кг) және макарон өнімдері (400 кг) сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тегін таратылды.
Шараға NUR OTAN партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы, аудан әкімі әрі Nur Otan партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасы Махаббат Сәдуақасұлы Бигелдиев және Nur Otan партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Камамбаева Гүлжан Алтынбековна қатысты.
Барлығы 25 кәсіпкер Қасиетті Рамазан айында көрсетілетін қайырымдылық зекеті есебінде, жалпы сомасы 6 млн-ға жуық сомада көмек көрсетті.