Алматы облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар ережелер жаңарылды.
Мұның алдында қабылданған №6 қаулыдағы 2 тармақтың 1) тармақшасы өзгеріске ұшыраған. Бұдан былай COVID-19-мен сырқаттанушылық тіркелген ауылдық елді мекендерді қоршауды. Облыс аумағына қатынаушылардан сауалн ама жүргізуді аудандар мен қалалардың, ауылдық округтердің әкімдері, Алматы облысының полиция Департаменті және басқа да мүдделі қызметтері қамтамасыз етеді.
Дәл осы 2 тармақтың 19 және 20 тармақшасына сәйкес, ендігі де медицина қызметкерлерінің тұрғындардан, отбасынан оқшаулап, тазалық және демалыс үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, стационардан тыс (қонақ үйлер, санаторийлер және т.б.) тұру мәселесін шешу. Бөлмеге 1 немесе 2 адамнан, бөлек орналастыру керек.
- тармақша да медицина қызметкерлерін карантиндік стационарлар мен тұратын жерлерден/ауруханаға тасымалдау үшін көлік бөлу. Тұрақты жүргізушілерді бекіту және оларға медициналық бақылау жүргізу қарастырылған.
2 тармақтың 4) тармақшасы келесі мазмұндағы тармақшамен толықтырылсын:
- «Мемлекеттік тіркеуді растайтын куәлікігі бар, жеке куәлікті, сондай-ақ қызметкерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы ұсынған жағдайда, өзгеде шаруашылық түрлерін жүргізуге тартылған тұлғалардың көлігін қоспағанда, жеке көліктің облыс, қала, аудан және ауылдық аймақ ішінде орын ауыстыруын шектелінеді.
Ал, 5 тармақта былай делінген:
«жеке тұлғаларға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктер, айырбастау пункттерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және «клиенттерге дейін жеткізу» қызметін ұсыну арқылы тоқтатылсын. Және қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылсын.
№6 қаулыдағы 4 тармақтың 2), 3) тармақшалары алынып тасталсын деп қаулы етілген.
5.1. тармақтағы мына тармақшалар алынып тасталынған.
Олар: «санитарлық-дезинфекциялық шараларды күшейте отырып және келушілер арасындағы қашықтықты кемінде 1 метр сақтай отырып, әдеттегі режимде жеке орналасқан пошта байланысы объектілері және екінші деңгейдегі банктер.»;
- «елді мекен ішіндегі қоғамдық көлік. Қалалық және аудандық автобустардың толымдылығы отырғызу орындарының 40% – нан аспауы тиіс. Қоғамдық көлікте қорғаныш маскасыз жүруге тыйым салынады. Дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып әрбір рейстен кейін автобустарды, қоғамдық көлік аялдамаларын өңдеу (күніне кемінде екі рет).»;
Алынып тасталынған негізде «төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімін алғанға дейін жеке орналасқан почта байланысы объектілері.» деген тармақшамен ауыстырылған.
Аталған қаулының орындалуын Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қадағалайтын болады.