Cоңғы мәліметтерге сәйкес, Алматы облысында 12 адам індет жұқтырған. Бұл ақпарат «Jetisy Media» алаңында белгілі болды.
Олардың 3-еуі Іле ауданының тұрғындары, біреуі терапевт дәрігер, қалған екеуі медбике екені анықталды. Сонымен қатар Кербұлақ ауданында 5 адам тіркелген. Оның үшеуі бұған дейін инфекция жұқтырған азаматшаның 3 баласы және 2 танысы екені мәлім болды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 740 адам карнатинге жабылған. 308 адам үй карантиніңде жатыр.Сонымен қатар Іле ауданындағы дәрігердің кесел жұқтырған жағдайы таңертең жұмысқа келгенде дене қызуын тексеру барысында анықтылды.Соған орай ауданның емханасы оқшауланды. Аурухананың 5 бөлімшесіне карантин жасалды .14 күн бойы ешбір адамды шығармайтын болады.Ғимараттың барлық аумағына шектеулер орнатылған.Қазіргі таңда қызметкерлер мен байланыста болған адамдардан сынама алынып жатыр.
Сонымен қатар, облыс бойынша барлық тұрғын үйдің ауласы , балалар ойнайтын жерде дизенфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.Тағы айта кететін жайт бұл инфекция ауа мен сілекей талшықтарымен тез таралып жатыр және кейбір жағдайда бұл аурудың ешқандай симптомдары байқалмайтын жағы да бар екенің еске саламыз.
Мамандардың айтуынша, халық қаулыдағы ережелерге бағынбайтынға ұқсайды. Бір ғана азамат 50-60 адаммен байланыс орнатады. Соның салдарынан індеттің ілмегіне ілікендер саны артуда екен.