Ел басына қиын жағдай түскен сәтте, қараша жұртты сабырға, ақылға, береке-бірлікке шақырып, өзінің жүрек жарды ақ тілеуін білдірді.
Дүниені дүрліктірген бұл індеттің адамзат баласына ауыр тигені шын. Алайда осындай өтпелі сынақ сәтінде ел ағаларының » Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білгені» біз үшін зор үміт болмақ. Қара басын ойламай, қамбар жұрттың қайғы-мұңына ортақтасуды азаматтық борышы санағандар қандай бақытты жандар еді.
Тұңғыш Президентіміздің әр сөзі жанға медеу сыйлайтыны хақ. Осы тұрғыдан, басшылық тараптарынан халыққа түрлі қолдауларда жасалып жатыр. Індетке қарсы сақтық шаралары да күшейтіліп келеді. Біз осы орайда ортақ заң тәртіпке бағынып, өз денсаулығымызды қорғауымыз тиіс. Бүгінгі тұңғыш президентіміздің сөзі де осы қауіпсіздік пен ынтымақтастық аясында өрбіп отыр.
Ата-Заңымыздың ең бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және оның өмірі»,-деп айқын жазылған. Сондықтан бүгінгі әрбір қолдау мен қорғау, Сіз бен біздің жарық өміріміз үшін жасалып жатқан дүние екенін ұмытпауымыз дұрыс.
Қайсы бір жеңісті, қуанышты алып қарасақ, ол біздің мызғымас береке-бірлігіміз бен қайсарлығымыздың бодауына келген жеміс екенін аңғарғанымыз абзал. Сондықтан » Бірлік бар жерде, тірлік бар»- деген аталы сөз текке айтылмаса керек. Біз ендеше БІРГЕ бола отырып, іргемізді көтермек болған ібілсті індеттің көзін жояйық.
Ел зиялылары жас ұрпақ алдындағы жауапкершілігін атқарып, қараша халыққа даңғыл жол нұсқауда. Біз осы тұста, өзімізге күш, жігер ала білдік. Біз сынақтан сүрінбей өтіп, қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтап, «Мәңгілік елге» айналуымыз тиіс. Біз ұлы мұрат жолында аянып қалмаймыз. Біз жақсыға қарап жаға түзеген халықтың ұрпағы, ел ағаларының үлгілі ісін өнеге тұтамыз. Біз біргеміз, бүлінбейді іргеміз, біз жеңеміз, біз ұлы мұрат жолында келеміз!!! Нүсіпқан Қадырсұлтан
Жас ақын, суретші