Еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасымыз Н.Назарбаевтың бүкіл әлемге тараған қауіпті дерттің ұшығып, барша адамзатқа қауіп-қатер төндірген, ұлт саулығы сынға түскен сәтте барша Қазақстандықтарды сабырға, байсалдылыққа шақырып, осындай сын сағаты халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері, береке бірлігі арқасында уақытша қиындықты жеңіп шығуға шақырған үндеуімен мұқият танысып шықтым.
Тәуелсіздік жылдарында атқарылған қыруар жұмыстар мен игілікті іс-шаралар, мемлекетіміздің экономикалық – әлеуметтік қуатын барынша арттырып, қазіргі уақытта туындап отырған экономикалық дағдарыстарды, басқа қиыншылықтарды жеңіп шығуға мүмкіндік беретінін халқының назарына жеткізіп, қиындықтан қайыспай, белімізді бекем буып, береке – бірлігімізді нығайтатын, қастерлі Тәуелсіздігімізді сақтауға шақырды.
Құт пен береке дарыған Алакөл өңірі жұртшылығы Елбасы Үндеуін толығымен қолдап, оны орындау жолында асқан ұйымшылдық пен жауапкершілік танытатынына сенімдімін! «Құрмет» орденінің иегері, Алакөл ауданының құрметті азаматы, Аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы, » О.Мухаметқалиев