Әлемді жайлаған қауіпті дерт елдің шырқын қашырғалы біраз болды. Статистикалық мәліметтен вирустың қаншалықты қауіпті екенін көруімізге болады. Оның әлем экономикасын шайқалтып, жаңа экономикалық дағдарыс әкелгені де анық. Әлем елдері қауіпті вирусқа қарсы ем іздеп, дертке қарсы бірлесіп әрекет етуде. Бұл қауіптің жалыны елімізді де шарпып өтті. Ел басына қиын күн туған шақта, сақтық шараларын күшейтіп, сабырлылық пен байсалдылық ауадай қажет. Осы тұрғыда Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бүгінгі «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласында толық баяндаған.
Елбасы өз мақаласында алдымыздағы сынақты еркін еңсеру жолында талай игі істер атқарылғанын айта келіп, Қазақ елінің алдында тұрған тың міндеттер мен айқын мақсаттарды абырой мен атқару керек екенін жеткізді.
Ел басына түскен сындарлы сәтте халқымыздың ерік-жігері мен төзімділігі, сенімі арқасында бұл дертті де жеңіп шығарымыз анық. Әр адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өмірі мен денсаулығына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарауы тиіс. Сол кезде ғана бұл аурудың беті қайтады. Елбасы – халықпен бірге. Біз бұл қиындықтан да аман-есен өтіп кетеміз деп сенемін!
Біз біргеміз
Арғынбаев Тәңірберген
Қарасу ауылдық округінің әкімі