Қиын-қыстау кезеңде халқынын қасынан табылатын дара тұлға – Елбасы күні кеше өз халқына жүрекжарды үндеуіне жолдағанын бәрімізге белгеілі. Отыз жыл елімізді басқарған Тұңғыш Президентіміз аға ұрпаққа, зиялы қауымға тебірене үн қақты.

Тірлік етуші жанның тәжірибе жия отырып, өз елжандылығын қалыптастыратынын айтты. Әр тұлға сарыалап ой түйіндеп, оны қорытындылау керектігін еске салды.

Кәсіпкерлер мен жас буын ға да ел басына күн туғанда сырт қалмау керек екендігін қорытындылап айтып берді. Ата бабадан қалған ой қазынасын орайы келсе, өзгелерге таратып, ел игілігіне асырады деген сенім білдірді.

Тұтқиылдан келген жаман індеттен халқымызды аман алып қалудың міндеттерін айтып берді. Бұған біздің мемлекетіміздің тиісті сақтандыру шараларын жүргізгендігін де айтты. Аса жанкершілікпен жеткен тәуелсіздігіміздің қызығын көріп, әлемге қарыштап дамитын кездің келгенін де нұсқап көрсетіп отыр. Жаһан жұртшылығын әбігерге салған пандемия бүкіл әлемде жаңа экономикалық дағдарыс туғызғандығын айта келіп, халқына Ұлы Абайдың, Төле-би, Әйтеке-билердің философиялық ойларынан тәрбие алуға үндейді.

Тәуелсіздік жылдарында атқарылған соншама игі істердің иесі қазақ халқы екенін, оның қызығын да еліміздің көру керек екендігін айтады. «Тәртіпке бағынған – құл болмайды», — деп, Момышұлының аталы сөзі арқылы халықты тәртіпке, сабырға шақырады.

Иә, ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі егіз ұғым екені шындық. Сондықтан, еліміз қандай қиындықта болса да бірге Мәңгілік ел кеңістігіне қадам басуымыз керек.

Ұлжалғас Дүйсебаева

Алакөл аудандық аналар кеңесінің төрайымы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *