Жаһан жаңа белеске аяқ басқан шақта, жер әлемді жағымсыз жайт әуре-сарсаңға салды. Бұл ғасырына бір рет қайталанған сынақ деп жатырмыз. Біздің қайсар халық не бір зұлмат заманды бастан өткергенде сынбады. Онысы бірлігінің бекемдігінің арқасында болған еді.

«Тар жол тайғақ кешуде» табандап тұрып аяғынан тік тұрған ел болса ол біз едік. Боздақтарынан бозарып атқан ақ таңда айырылып, «Елім- ай» деп ботасынан айырылған боз інгенше боталаған дәуренде басымыздан өтті.

Сондағы халқымыздың өр рухы ғана бүгінгі бейбіт күнге жетуімізге себепші болды. Мұнымен айтпағым, нендей жағдай болмасын тек сол елдің халқы ғана қиындықтан алып шығады. «Біздің күшіміз-бірлікте». Мәңгілік ел болу үшін татулық керек баршаға.

Ғалиасқар Сарыбаев,

 Алматы облыстық

 әдеп кеңесінің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *