Соңғы уақыттары еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде орын алған тың  өзгерістер аз емес. Азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтылығын, мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтың бейімделуі үшін үш ай сынақ мерзімінің белгіленуін және оларға кәсіби біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшілердің қатарынан тәлімгер тағайындалуын, тағылымдама институтының енгізілуін, мемлекеттік қызметшілрдің үш жылда бір рет міндетті оқытуды, оларды басқа ұйымдарға (мемлекеттік органдарға, шетелдік мемкемелерге) іссапарға жіберуді атап өтуге болады.

Осы аталғандардың қатарына меритократия қағидатын сақтай отырып, жоғары лауазымдарға мемлекеттік қызметшілерді іріктеу де жататына сөзсіз.

Ол қалай жүзеге асырылады?

Әрине, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, жоғары болып табылатын бос лауазымы бар мемлекеттік орган іріктеуді ең алдымен өзінің құрылымында еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілердің қатарынан жүзеге асырады. Яғни, осы лауазымға лайықты азаматты сырттан іздемейді. Бұл еңбек өтілі жеткілікті, кәсіби біліктілігі жоғары мемлекеттік қызметшлердің ілгерілеуіне мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету барысында олардың бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріледі.

Департамент өз қызметінде өңірдегі «мериткратия қағидатының» сақталуына мониторинг жүргізіп, оны нығайтуды көздейді. Нәтижесінде, соңғы жылдары осы бағыттағы жұмыстардың іске асуы жоғары деңгейде сақталғанын көруге болады.

Мысалы, 2017-2019 жылдары ішкі конкурстармен басқа лауазымдарға тағайындалған 1403 азаматтың 1016-сы (72,4%) қызмет бабында ілгерілеген. Ал, осы жылдың І тоқсанында бұл көрсеткіш 80 % деңгейінде сақталып отыр. Яғни, 53 азаматтың 42-сі жоғары лауазымдарға тағайындалған.

Мемлекеттік қызметшіге жоғарылау үшін бір күндік еңбектің нәтижесі жеткіліксіз. Дегенмен, мемлекеттік қызметті таңдаған азамат нақты мақсат қойып, сол мақсатына жету үшін үзіліссіз қызмет атқарса және өзін жан-жақты дамытуды қолға алса, ілгерілеу қиындық туғызбайтыны анық.

Бүгінгі басшылық лауазымдағы мемлекеттік қызметшілер — жоғарылаудың барлық сатысынан өткен азаматтар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *