Төтенше жағдай кезінде қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев № 296 «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл шешім елдегі орын алған жайттарға байланысты, орнатылған режимді бұзбай ұстап тұруда мемлекетке жәрдемдесу үшін қажет. Бір жағынан қабылданған жарлық елдің қалыпты өмірге келуіне ықпал етеді.
Биліктің енгізген өзгерістеріңнің нәтижесі оңынан болуы отан сүйгіш жастарға тікелей қатысты. Қажетті құжатты қабылдауға жас буынның көтерген бастамасы себеп болса керекті. Әрине текті елдің ұландары ұлтының басына күн туғанда қарап отырмасы анық. Ендігі де ТЖ кезеңінде қоғам қорғаушыларының қатарынан ерікті жандар да төбе көрсететін болады.
Жарлыққа сәйкес, әскери есепте тұрған тепсе темір үзетін азаматтарды жергілікті атқарушы органдар мен әскери комиссариаттар СМС хабарламалар мен шақырту қағаздары арқылы арнаулы жиындарға алынады. Айта кетерлігі, Шақыру бір мезетте емес, кезең-кезеңімен, адам ресурстарына деген қажеттіліктерге байланысты жүзеге асырылатын болады.
Қарулы күштердің құрамы ТЖ және карантин режимін қамтамасыз ету үшін жетпеген кезде манағы боз балаларды қосымша жасақ ретінде жібереді.
Арнайы жиындарда болу мерзімі 10 күн мен 3 ай аралығын қамтиды. Ол жақта болу уақытын қажеттілігіне қарай жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Ол жерде сайдың тасындай іріктелген сабаздар не істейді деген ойға қалсаңыз? Жауабы мынадай. Бүгінде залалсыздандыру жұмыстары мен медициналық қызмет толассыз жүргізілуде. Осы ретте, адам күші жеткіліксіз болуы әбден мүмкін. Сондықтан, елім деген ерлер ол жақта аталған жұмыстарды атқаруға қолғабыс етеді.