Жер жүзін жаулаған Коронавирус тыныштықты алғаны жасырын емес. Тұтас ұлттың басына берілген сынаққа елбасқарған тұлғалар бей-жай қарап отырған жоқ. Күні кеше Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа үндеу жолдап төтенше жағдайға қатысты үн қатқан еді.
Елдің үреуйін алған инфекция әлемдік дағдарыстың орын алуына себепші болып отыр. Бірақ бұл да уақытша, «тар жол, тайғақ кешуде» табандап жүріп аяғынан тік тұрған тәуелсіз мемлекет үшін сырғып өтер сынақты еңсеру қиынға соқпайды.
Осы тұрғыда Қоғамдық кеңестің төрағасы Тойбаев Әлихан мырза елдегі жағдайға қатысты өз ойымен бөлісуде. «Халқымыз небір сұрапыл кезеңді бастан өткерді. Біз боздақтарымыздан бозарып атқан ақ таңда айырлудың не екенін көзбен көрген халықпыз. Бұған дейінде соңғы жиырма жылдыққа көз жүгіртсек, не бір індеттерге тосқауыл қоя білдік. Ел дағадрысқа ұшырағанда қанатымызды қомдап қайта ұштық. Қарап тұрсақ, әр бір мемлекетке қауіп төндірген оқиғалардан кейін құлдырамай, қадамымызды нық бастық. Даурығуға негіз жоқ. Керісінше бұл да қазақтың қайта еріне қонып, қыран құс қана бағындырар бір белеске шығуына түрткі болар жайыт деп қабылдаған абзал. Жаңа кезең басталғалы тұр. Жеңістер көп болсын!.» деген пайымды көзқарасын білдіруде. Шынымен де тұтас ұлтты қай жағынан болмасын шынықтыратын шара ғой. Шаршамай алға қадам жасасақ жеткілікті.