Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер жылы»деп бекіткен болатын. Мұндағы басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру болып табылады.
Бұл бастаманы үлкен-кіші болып қолдауда. « Жас келсе іске» демекші Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы «Jetisy Media» ақпараттық алаңының қызметкерлері де игі істен қалыс қалмады. Олар Талдықорған қаласы, Гауһар ана көшесі 130 үйдің тұрғындары Валинтина Цай мен Клементи Кимнің үйіне қолғабыс етуге барды.
Еріктілер қарияның ауласын қардан тазалау жұмыстарын жасап, үйдің аумағына тазалық шараларын жүргізді. Валинтина Григорьевнаның айтуынша, отағасы Клементи Михаелович аса қатерлі дертке шалдыққан. Перзентінің шет елде тұруына байланысты қос қарияға үй жұмыстарын жасауға еріктілер көмектеседі екен.
«Өткен жылы күзде бақшамды ретке келтіріп берген болатын. Биылғы қыста жігіттер алғаш рет келіп ауламды қардан тазартып беріп жатыр. Мен өте қуаныштымын. Елімізде жүрегі кең азаматтардың барлығы көңілге медеу. Біз сияқты жасы жеткен қарт кісілер үшін бұл үлкен көмек»,-деп ағынан жарылды Валинтина Цай.