• Последнее
  • В тренде
  • Все
Жанар Алчимбаева: Больше всего, я люблю отдых в горах

Алматы облысында туристік сала қарқынды дамуда

13.02.2020

АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

16.04.2021

ОТКРЫТИЕ СЕЛЬСКИХ СЕРВИСНЫХ АКИМАТОВ – КОНЦЕПЦИЯ СЛЫШАЩЕГО ГОСУДАРСТВА В ДЕЙСТВИИ

16.04.2021

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев Қарғалы ауылындағы «Айтқали Bio Garden» алма бағына барып, маусымға дайындық жұмыстарымен танысып қайтты

16.04.2021

«Педагог мәртебесі»: Ұстаздардың құқығы бұзылса 120 АЕК айыппұл салынады

16.04.2021

Облыс орталығында «Ashyq» қосымшасы енгізілді

15.04.2021

Приложение Ashyq внедрили в Талдыкоргане

15.04.2021

“Артек” лагерінің аналогы Жетісуда ашылмақ

15.04.2021

«Жетісу-оқырмандар мекені» жобасы таныстырылды

15.04.2021

В Алматинской области вендинговый аппарат приспособили как библиотеку

15.04.2021

Впервые в Алматинской области стартует конкурс научных проектов

15.04.2021

Алматы облысында көктемгі дала жұмыстары берекелі бастау алды

15.04.2021

Жетісу жерінде ғылыми жобалар байқауы бастау алады

15.04.2021
  • О нас
  • Пресс-секретари
  • Рейтинги акимов
  • Контакты
Суббота, 17 апреля, 2021
  • Логин
  • Главная
  • Политика
  • Общество
  • Образование
  • Культура
  • Экономика
  • Спорт
  • Здоровье
  • Туризм
  • Районы
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Нет результатов
Посмотреть все результаты
Главная Новости Туризм

Алматы облысында туристік сала қарқынды дамуда

Zhetysu Media Zhetysu Media
13.02.2020
Туризм
Жанар Алчимбаева: Больше всего, я люблю отдых в горах
ОтправитьТвитнуть

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді. Облыста 7 ірі өзеннен бөлек, ыстық шөлдалалар, мыңдаған шағын және үлкен сарқырамалар, көлдер мен өзендерді, ормандар мен Алатаудың қарлы шыңдарын кездестіруге болады. Жетісу өңірі Сиверс алмасының отаны болып есептелінеді. Бұл өлкенің көркем табиғаты туристердің көз жанарын жаулайтыны анық. Осы себепті Жетісу өлкесі саяхатшылардың аялдайтын мекені болуға әбден лайықты.
Туристерді тұрақты түрде қабылдайтын аймақтың дамуы мен келешегіне қатысты туристік жобалардың бірқатарын Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Жанар Алчимбаева айтып берді.
Бәрімізге айқын, жеті өзені тоғысқан ұлы өлке шығыста Қытай Халық Республикасымен шектесіп, Солтүстік Тянь-Шань жоталарының арасында орналасқан. Теңдесі жоқ қазақ жерін «алтын бесік» деп атайды.
Жұмбағы көп жұмақ мекеннің көркемдігін жер жаһанға мәшһүр ету мақсатында Алматы облыстық туризм басқармасы 2019 жылдан бастап өлкенің көрікті жерлерін кеңінен таныту үшін «Google», «Yandex», «Wikipedia» жаһандық платформаларымен жұмыс істеуді бастаған.
Туристік салаға, тамақтану, демалыс объектілеріне, көлік қызметтеріне қатысты барлық мәліметтерді осы платформаларға түсіреді. Бұл қызметтерді мобильді телефон арқылы тез табуға көмектеседі. Бизнесмендердің пікірлері бойынша кейбір нысандарда алдын ала орындарға тапсырыс беруге болатын онлайн қызметтерді қолдануға болады. Бұл Жетісу туристік брендінің дамуы мен танылуына өте тиімді әсер етіп жатыр.
Өткен жылдың ерекше оқиғаларынның бірі туристік саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауы. Онда басым бағыттар анықталған. Республика бойынша 10 үздік жобаға Алматы облысының екі жері – Алакөл және Алматы тау кластері кіреді. Ал 50 үздік жобаға «Қорғас» , Жоңғария, Балқаш көлінің жағалауы кірген.
2019 жылы облысқа 40 млрд.теңге жеке инвестиция тартылған сол арқылы көптеген жаңа нысандардың құрылысы басталады. Осы жылы Алакөл көлінің жағалауында коттедж қалашығы бой көтермек, сондай-ақ Ұйғыр ауданында тау кластерінің көз тартарлық бір неше нысандары салынып, саяхатшыларға есігін айқара ашады деп жоспарланған.
2020 жылы туристік маршруттарды жайғастыру үшін бірыңғай бренд бук туристік бағыты іске асыру жоспарлануда. Алғашқы бағыт, Шарын саябағында, Көлсай көлдерінде, Іле Алатауы және Жоңғар Алатауы ұлттық парктеріне бет алады . Сонымен қатар, биылғы жылы біз Алтын Емел паркінде геосаябаққа қатысты саяхатшыларға арналған тур өнімдерді даярлап отырмыз,- деп хабарлады Жанар Галифулдақызы
Бұған дейін Алматы облыстық туризм басқармасы зерттеу институтымен 3 жыл бойы геологиялық парк құру бойынша зерттеу жүргізген болатын. Осы жылдан бастап, маусым айына дейін геоэкскурстарды таныстыруды жоспарлап отыр. Саяхатшылар демалумен қатар медициналық қызметтерді де ала алады. Биылғы маусымнан бастап, Алакөлдің бірнеше нысандарына медицина қызметкерлерін тартады деп күтілуде. Бұдан басқа, ішкі нарық үшін ауқымды маркетингтік стратегияны әзірлеу қолға алынған.
Іске асып жатқан Тау-кен кластерінің жобалары 8 бағытқа бөлінген. Бүгінгі күні жоба Талғар ауданынан бастап Шарын, Көлсай, Қаскелеңге дейін қамтылды.
Жақын арада демалыс орындарын кеңейтіледі.Демалыс орындары екі алаңға бөлінеді: «Апорт» және «Ақтас». Сондай — ақ қазір «Түрген» жобасы бойынша инвесторлармен жұмыс жасалуда , бұл Түрген шатқалындағы ірі тау курорты. Бұдан басқа, Шарын шатқалына жақын жерде «Парк –шатқал»жобасы жүзеге асырылады. Жоба өзінің бірегейлігімен қызықты. Онда аспалы көпірлері бар локация ұсынылады деп тілге тиек етті басқарма басшысы.
Жетісу өңірінде жергілікті және шетелдік туристер қызығушылық танытатын бірнеше үздік орындар бар. Олар Алматы облысының төл құжаты болып саналады. Алайда, өңірдің туризм басқармасы жүргізген зертетуінің барысында туристердің қызығушылығын тудыратын 162 қызықты нысан анықталды. Бүгінгі таңда тұтынушылар, соның ішінде шетелдік туристер баратын туристік орындар қалыптасқан. Ең көп келетін орындар: Алакөл, Көлсай, Қайыңды, Шарын шатқалы. Бұдан басқа, саяхатшыларға Жоңғар-Алатау ұлттық паркі, Корин шатқалы, суда ескекпен есу сайысын жүргізу үшін жақсы сипаттамасы бар өзендер кіретін Жоңғар кластері үлкен қызығушылық тудырып отыр.
Ел басының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға келер болсақ, «Киелі жерлер «бағыты бойынша жұмыс жасалуда. Таңбалы тас » — жартастағы ресурстаркөрмесі, өте қызықты және тарихи маңызды бар нысан. Бірақ, біраз уақытқа дейін автожолдың сапасына байланысты оған өту мүмкін емес еді.Соған байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізіп, биыл аяқталады деп сенім білдірді Жанар ханым.

Алматы облысында әлемнің әр шетінен келген қонақтарды қабылдайтын бірнеше этноауылдың болуы үлкен қуаныш. Мәселен, мұндай тарихы бар этноауыл – Талғар ауданындағы «ғұндар». Сонымен қатар, Қарасай ауданындағы «Номад» этноауылы да бар. Өткен жылы онда Тұңғыш Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры»атты бағдарламалық мақаласының идеяларын жүзеге асыруға бағытталған тақырыптық фестивальдер өткізілген. Ағымдағы жылы аталған фестивальдар коммерциялық мәртебеге ие болады. Яғни, бұл нысан өз туристерін қабылдауға және ірі іс-шараларды ұйымдастыруға дайын.
Шетелдік туристер Алматы облысына экологиялық таза мекен деп ат басын бұрады. Ұшса қыран құстың қанаты талатын, сайын даланың болмысына тамсанбайтын адам кемде –кем. Облыстың экономикасының дамуына үлес қосатын айшықты саланың сансыз жетістіктері ел игілі үшін екені даусыз. Топырағында мәдениет пен өркениеттің тамыры кеңінен жайылған осынау өлкеге келгендер өзгеше сезімге бөленетіні һақ. Әлемнің 7 кереметі туған өлкенің көркемдігіне жетпес, Қазақ даласының кербез бөлігі болған Жетісу өңірі саяхатшылардың сая табар орнына айналуда.

Предыдущий пост

Год волонтера: Твори добро другим во благо

Следующий пост

Алматы облысында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Следующий пост
Алматы облысында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Алматы облысында «Туркфильм» фестевалі өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

  • В тренде
  • Комментарии
  • Последнее
РУКОВОДИТЕЛЬ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ ПО АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ РАССКАЗАЛ О ПРИНИМАЕМЫХ МЕРАХ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ

РУКОВОДИТЕЛЬ АНТИКОРРУПЦИОННОЙ СЛУЖБЫ ПО АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ В ПРЯМОМ ЭФИРЕ РАССКАЗАЛ О ПРИНИМАЕМЫХ МЕРАХ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ

19.11.2020
Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты

Біртанов коронавирустан қорғану жолын айтты

10.03.2020
В некоторых районах Алматинской области усилен режим карантина

В некоторых районах Алматинской области усилен режим карантина

18.05.2020
Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда

5
Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ

1268 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

3
Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

2

АУЫЛДЫҚ СЕРВИСТІК ӘКІМДІКТЕРДІ АШУ – ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ

16.04.2021

ОТКРЫТИЕ СЕЛЬСКИХ СЕРВИСНЫХ АКИМАТОВ – КОНЦЕПЦИЯ СЛЫШАЩЕГО ГОСУДАРСТВА В ДЕЙСТВИИ

16.04.2021

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Ақниет Туматаев Қарғалы ауылындағы «Айтқали Bio Garden» алма бағына барып, маусымға дайындық жұмыстарымен танысып қайтты

16.04.2021

2020 zhetysu-media.kz

Навигация по сайту

  • О нас
  • Пресс-секретари
  • Рейтинги акимов
  • Контакты

Подпишись

Нет результатов
Посмотреть все результаты
  • Home

2020 zhetysu-media.kz

Welcome Back!

Login to your account below

Forgotten Password?

Create New Account!

Fill the forms bellow to register

All fields are required. Log In

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Log In