Райымбектіктер қоныс тойын тойлап жатыр. Нарынқолда 33 тұрғын үй қолданысқа берілді. Бірнеше мемлекеттік мекеме ғимараты ашылды. Ақжолтай жаңалықтар бастауы — Елбасының 2018 жылғы жарлығының жемісі. Шекара шебі нығайып, жанданып, жаңарып жатыр. Аудан халқының кезекті қуанышын облыс әкімі Амандық Баталов бөлісіп қайтты. Кең де жарық, баспанаға кіргеннің бірі — Жалғас. Жас маман аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарады.
-Осы жерге қызмет етуге келген жастарға бар жағдай жасалған. Бір көрінісі міне қызметтік үймен қамтылып жатырмыз. Өзім аз уақыттың ішінде осы қуанышқа кенеліп отырмын. Жас отбасы болғандықтан баспананың қажеттілігі жоғары. Елбасымыз, мемлкет басшысы мен облыс әкіміне ризашылығымды білдіремін – деді Жалғас Сүлейменов.
Ірі істің іргетасы былтыр құйылып, жергілікті бюджеттен 2 млрд 878 млн теңге бөлінген. Төрт кезеңмен мұнда 83 үй салынып жатыр. Бірінші, екінші кезеңдегілер бітіпті. Кезекпен көпбалалы отбасылар мен мемлекеттік қызметкерлерге берілді. Пәтерлер аумағы 80, 90, 100 шаршы метрден. Ішінде жайлы өмір сүруге бар жағдай жасалған. Ыстық, суық су, кәріз жүйелері бар.Пеш те орнатылған. Әзірге қатты отын. Болашақта газға қосылуын бас мердігер ФУД МС және Асан М компаниялары қарастырыпты.
Жалпы, шекара шебіндегі ауданда қазір 40 мыңға тарта халық тұрады. 10 мыңға жуығы жас. Туу көрсеткіші артқан. Биылдың өзінде 570 сәби туылыпты. Шекара шебінің сесі мен сеніміне айналар ұрпақ. Жас буын уақытын тиімді өткізіп, спортпен айналысуы керек. Осы мақсатта жаңа шағын ауданда дене шынықтыру сауықтыру кешені салынып жатыр. Келер айда аяқталады. 180 орындық. Бір ауысымда 145 адамға дейін қабылдауға қауқарлы. Жастар мен өрендер мұнда спорттың 9 түрімен жаттыға алады. + Мұнда бірнеше зал бар. Ең үлкені осы жер. Аумағы 1300 шаршы метрге жуық. Мұнда ауыл жастары пен рендері волейбол, баскетбол ойнап, жарыстар өтеді.
-Бізде аудандарда 9 дене шынықтыру сауықтыру кешендері қолданысқа берілген. Алдағы бірер жылда қатарын тағы арттырмақшымыз. Биыл 2020жылдың соңына дейін 6 нысанды ашу жоспарланып отыр. Бірі – Нарынқол ауылындағы осы кешен. Құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Құрылысына 87 адам тартылған. Жұмыспен қамту орталығымен істеп жатқаны басым деп атап өтті ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ.
Тіршілігі жанданған жаңа ауданда келер жылы да бірнеше нысан құрылысы басталады. Әсіресе денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінеді. Талас, Қаратоған, Көмірші, Текес ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт; Текес, Шалкөде, Жамбыл, Сарыбастау ауылында әкімшілік мекемесі салынады. Тағы 4 ауылға көше жарық шамдары орнатылады. Сондай-ақ 2021 жыл М.Мақатаевтың 90 жылдығы. Осыған орай Қарасаздағы әдеби-мемориалдық музейіне жөндеу жүргізіледі. Аудан орталығына ақиық ақынның еңселі ескерткіші қойылады. Жергілікті бюджеттен 61,8 млн теңге бөлініпті. Қазір жобасы жасалып жатыр.